Белгілі футболшы үш адамды көлікпен қағып өлтірді

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Севастополь қаласында белгілі украин футболшысы Владислав Пискун автокөлікпен бір әйелді және екі баланы қағып кетті.

Белгілі футболшы үш адамды көлікпен қағып өлтірді

РБК-Украина агенттігінің жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, үш адам да қаза тапты.

Қазіргі таңда Украина премьер-лигасының "Севастополь" футбол командасы үшін өнер көрсетіп жүрген спортшы тұтқындалып, Севастополь милиция басқармасының уақытша қамау изоляторына жабылды.

Сараптаманың қорытындылары бойынша, жол-көлік апаты кезінде В.Пискун сау болған, яғни маскүнемдік жағдайында болмаған. "Севастополь" командасының қорғаушысы өзінің кінәсін мойындап, жауап берген. Футболшының сөзіне қарағанда ол Mitsubishi көлігін басқарып келе жатқан досымен жарыспақ болған.

Mitsubishi көлігі алға шығып кеткенде, BMW автокөлігіндегі В.Пискун оны қарама-қарсы бағыттағы тролейбус жолағына шығып, озып кетпекші болған, алайда көлікті басқара алмаған спортшы жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Футболшының автокөлігі алдымен көшедегі діңгекке соғылып, ғимарат қабырғасына қарай соғылған. Одан кейін екі және бес жасар балаларымен келе жатқан әйелді қағып кеткен. Үш адам да қаза табады.

Бейресми мәліметтер бойынша, автокөлік ішінде футболшының әйелі де болған. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды деген ақпарат та тараған.