Белгілі ғалым, академик Ораз Баймұратовтың 75 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қаржы - банк менеджменті ҒЗИ директоры, Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру ісінің озаты, ғылым істерін көрнекті ұйымдастырушылардың бірі, ірі ғалым - экономист Ораз Баймұратовтың 75 жылдық мерейтойына арналған.
Халықаралық келелі кеңестің басты мақсаты - әлеуметтік экономика ілімі мен тәжірибесінің мәселелерін шешуде жақын әрі алыс шет елдердегі қоғамдық-гуманитарлық салалар жетекші ғалымдарын біріктіру және қоғамды, оның экономикасын үйлесімді дамыту жолдары туралы конференцияда айтылған ұсыныстарды қабылдау. 200-ге жуық алыс- жақын шет елдердің экономист ғалымдары, сарапшылар қатысқан конференция аясында барлық континенттердегі елдердің әлеуметтік экономикасы: қоғамның материалдық және рухани құндылықтарының үйлесімді байланыс ұстанымындағы үлгілері, шешілетін мәселелері, енгізетін өзгерістер мен болашағы және елдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ғаламдық қаржы - экономика дағдарысы жағдайындағы әлеуметтік экономика, Қазіргі қоғамның және оның экономикасының тығыз байланысы негізінде дамуының өркениеттілік пен әлеуметтік-гуманитарлық тұрғысы тақырыптары талқылануда. Сондай-ақ Экономикамен, демократиялық және демографиялық өркендеу және қоғам өміріндегі рухани өріс араларындағы үйлесімсіздіктен үйлесімділікке жету арқылы - үйлесімді әлеуметтік экономиканың жаңа үлгісіне өту мәселері бойынша да баяндамалар жасалды.