Белгілі ғалым Марат Ибатов ҚарМТУ ректоры атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымына жаңа ректорды таныстырды. Ол белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат Кеңесұлы Ибатов, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетсек, жақында Астанада мемлекеттік ЖОО басшылары лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша Республикалық байқау комиссиясының отырысы өтті.

Жиналыс пен ұсынылған ЖОО даму бағдарламасын талқылау қорытындысы бойынша, Республикалық байқау комиссиясы Марат Кеңесұлы Ибатовты Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры етіп тағайындауды ұсынды.

Ректор сайлауы жаңа талаптарға сай, ашық байқау жолымен өтті.

Ибатов Марат Кенесұлы 1961 жылы туған.

1983 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтын (МАДИ) үздік аяқтап, Қарағанды политехникалық инстиутына жіберілген, мұнда аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

1987-1990 жылдары Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) аспирантурада оқыған.

1991 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) техникалық ғылымдары кандидаттығы ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғаған.

1991 жылдан бастап ҚарПТИ-де (кейінгі ҚарМТУ) «Автомобиль транспорты» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (1993,1994 жылдары).

1995-1997 жылдары ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін атқарған.

1997-2007 жылдары автомобиль-жол факультетінің деканы болған.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (2000,2003,2009 жылдары).

2003 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.

2005 жылы ҚР БҒМ-нің білім және ғылым саласын аттестаттау мен бақылау жөніндегі Комитет шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

2006 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері» Төсбелгісімен марапатталған.

2006 жылы «10 жыл Астана» медалімен марапатталған.

2007-2008 жылдары ҚарМТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған.

2008-2011 жылдары ҚарМТУ-да «Автомобиль транспорты» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен.

2011 жылы 1 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің  бірінші проректоры болып жұмыс істеген.

2012 жылы 11 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры болып жұмыс істеген.

2013 жылы Қазақстан Республикасының кәсіподағы ОК-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.

2013 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді еңбегі үшін» Төсбелгісімен марапатталған.

2013 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО Ассоциациясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Төсбелгісімен марапатталған.

2013 жылы « Ерен еңбегі үшін»  мемлекттік марапатты медалін алған.

Соңғы жаңалықтар