Белгілі итальяндық жазушы өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның қазіргі заманғы танымал прозашыларының бірі Себастьяно Вассалли ел солтүстігінде орналасқан Алессандрия қаласындағы ауруханада түнде 73 жасында өмірден өтті.
None
None

Генуи тумасы бірнеше жылдар бойы Новара қаласында тұрған. Артынан ауқымды әдеби мұра қалдырып, халықаралық деңгейде танылды. Өткен жылы Вассалли әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ресми үміткер болып жарияланған, деп хабарлады ТАСС. Вассали онкологиялық аурудан көз жұмды. Жазушы, тарихшы өзіне жұртшылық назарын "Химера" романымен (1990, "Стрега" ұлттық сыйлығы) аударды. Оның "Әлемнің байлығы", "Құйрықты жұлдыздар түні", "Марк пен Матфей", "Тасжүрек", "Шексіздік саны" және т.б. повестері мен романдары бар, соңғы "Мен кетіп барамын" туындысы енді, міне, жазушы көз жұмғаннан кейін жарыққа шығады. Итальяндық мәдени қайраткерлер жазушының туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Соңғы жаңалықтар