Белгілі қазақстандық хоккейші қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсан күні танымал қазақстандық хоккейші Андрей Трощинский қайтыс болды. Ол небәрі 37 жаста болатын, деп жазады Vesti.kz.

Белгілі қазақстандық хоккейші қайтыс болды

Соңғы төрт маусым бойы Андрей Трощинский Қазақстан чемпионатында ойнаған. Ағымдағы маусымнан бастап павлодарлық «Ертістің» жаттықтырушы құрамына өтті. Өз мансабының тоғыз маусымын «Қазцинк-Торпедо» үшін ойнаған, сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамаларының қатарында болды. Андрей Трощинский - тағы бір танымал қазақстандық хоккейші, қазіргі кезде мәскеулік ЦСКА жүйесінде жұмыс істеп жүрген Алексей Трощинскийдің інісі.