Белгілі саясаткерді мейрамханада атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Герреро штатында, Акапулькодағы отельдердің біріндегі мейрамханада Ұлттық іс-қимыл партиясының бас хатшысы Браулио Сарагосу Магандуды таңертеңгілік ас ішіп отырған кезінде өлтіріп кетті.

Белгілі саясаткерді мейрамханада атып кетті

Оны белгісіз біреулер автоматты қарумен атқан. Саясаткердің партияластары бұл іспен прокуратураның шұғылдануын талап етті.

Ажал құшқан азамат мүше болған партия Мексикадағы ірі саяси ұйымдардың бірі. Ал ол атылған Герреро штаты қылмыс өршіген аймақ болып есептеледі.