Белгілі сазгер, әнші Қайрат Нұрғазин дүние салды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Белгілі композитор, әнші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Қайрат Нұрғазин өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап. 

Белгілі сазгер, әнші Қайрат Нұрғазин дүние салды

Қайрат Нұрғазин 1965 жылғы 16 сәуірде Қостанай облысы, Наурызым ауданына қарасты Сулы ауылында туған.

Ол - құлаққа жағымды, жылы естілетін нәзік, биязы дауысымен тыңдарман жүрегін жаулап алған дарын иесі. Өнерсүйер қауымға әйгілі «Арман жырым - аруларым» әнімен жақсы танымал болды. Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, И.Сапарбай сынды ақындардың сөздеріне жазылған әндерін халық жақсы қабылдай білді.

Биыл облыс орталығында сазгердің «Қостанай - құтты мекенім» атты шығармашылық кеші өткен-ді. Туған жерінде оның «Әсем Бурабай», «Аман жүрші, айналайын» және «Сен әлі ғашықпысың?» атты жаңа әндерінің тұсауы кесілді.

Фото www.nurgazin.ucoz.ru