Белгілі тележурналист Дүкеш Бәйімбетов дүниеден озды

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда ұзақ уақытқа созылған науқастан 72-ге қараған шағында қазақстандық белгілі тележурналист   Дүкеш Бәйімбетов дүниеден озды.

Белгілі тележурналист Дүкеш Бәйімбетов дүниеден озды

Кеңестік дәуірдің танымал дикторы Юрий Левитанның шәкірті болған  Дүкеш Бәйімбетов «Останкино» МТРК-інде, Қазақстандағы «ОРТ» телекомпаниясында жемісті қызмет атқарып, орталық телевидение мен бүкілодақтық радиода меншікті тілші болып қызмет жасаған. Білікті журналист сондай-ақ «Хабар» агенттігіндегі  «Жеті күн» бағдарламасын, «Қазақстан» теларнасындағы Алматы жаңалықтар бюросын басқарған. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған  Дүкеш Бәйімбетов -«Кадрдің артында не қалды?»  кітабының авторы.

  Марқұммен қоштасу 31 қаңтар күні сағат 11.00-де «Қазақстан» ТРК ғимаратында болады.