08:04, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Белгілі түркітанушы ғалым дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйекте көрнекті түркітанушы ғалым, профессор Семих Тезжан 75-ке қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркі академиясы халықаралық ұйымының сайтына сілтеме жасай отырып.
Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі түркология ғылымына елеулі үлес қосып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген құрметті ғалымның қазасына ортақтасып, туған-туыс, жақындарына көңіл айтады.
Семих Тезжан 1942 жылы Түркияның Мерсин аймағында дүниеге келген. Анкара университетінің Түрік тілі және әдебиеті бөлімінде білім алған. Негізгі зерттеу тақырыбы - көне түркі жазуы, оның ішінде көне ұйғыр жазбалары болды.
1964-2008 жылдары Германияда өмір сүрген ғалым түркітану саласында көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырған. 2008 жылы Түркияға қайта оралған профессор өмірінің соңына дейін Билькент университетінде дәріс оқыды.