Белгісіз адам Ингушетияның бұрынғы вице-премьеріне оқ атты

МӘСКЕУ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат – Назраньда Ингушетия үкіметінің бұрынғы вице-премьері Башир Аушевті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды,

Белгісіз адам Ингушетияның бұрынғы вице-премьеріне оқ атты
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.РФ прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінің тергеу басқармасынан хабарлауынша, РФ Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі 105-бабы (кісі өлтіру) және 1-бөлімі 222-бабы бойынша (қарудың заңсыз айналымы) іс қозғалды. Тергеу кісі өлтірудің бірнеше нұсқасын атайды, атап айтқанда, Ингушетия үкіметіндегі жұмысы үшін кек қайтару.Ингушетия үкіметінің бұрынғы вице-премьері Башир Аушевті белгісіз біреу Назраньдағы үйінің маңында маусымның 13-і күні мәскеу уақытымен 18:30-да атып кеткен. Б.Аушев ауыр жарақаттанып, ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды. Қылмыскер ақ түсті ВАЗ 2107 автомшинасымен із жасырған. Әзірге қылмыскерді іздестіру барысы ешқандай нәтиже берген жоқ. Б.Аушев 1990 жылдары республика Ішкі істер министрлігін, вице-министр қызметінде күш-қуат ведомстволарын басқарды. Бұдан бұрын маусымның 10-ында Ингушетия Республикасы Жоғарғы соты төрағасының орынбасары Аза Газгирееваны белгісіз біреулер атып өлтірген болатын.