Белгісіз біреу ақшаны иемдену мақсатында банкте жаралыс жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Мәскеу банкі бөлімшесінде жарылыс жасап, ақша ұрлауға талпынды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Белгісіз біреу ақшаны иемдену мақсатында банкте жаралыс жасады

Таңғы үштің кезінде қаскүнем Кашир тасжолындағы банктің бөлімшесінде жарылыс жасады. Болжам бойынша ол банкоматтардағы ақшаны иемденуді көздеген көрінеді.

Жарылыс нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін банкоматтарға зақым келген екен. Ғимараттың есіктері мен терезелері сынған. Абырой болғанда, жарылыс салдарынан адамдар зардап шекпеген.

Банк өкілдерінің айтуынша, бөлімшеге елеулі материалдық залал келтірілді. Сонымен қатар банкоматтар да жөндеуге жарамайтын секілді.