Белгісіз біреу Барак Обаманың Денвердегі штабына оқ жаудырды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Барак Обаманың Колорадо штатының Денвер қаласында орналасқан штабын оқ астына алды, деп хабарлады РБК.
None
None

Қалалық полицияның өкілі Ракель Лопес хабарлағандай, шабуыл кезінде кеңсенің ішінде адамдар болды, дегенмен, олар зардап шеккен жоқ. Атыс салдарынан ғимараттың шыны панельдерінің бірі зақымдалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқ атылған көлікті анықтау үшін бейнекамералардың жазбаларын тексеруде. Бұған дейін Б. Обаманың Денвердегі штабының қызметкерлеріне қатысты қоқан-лоқылар көрсетілмеген. Қазіргі президенттің сайлауалды штабында бұл оқиғаға қатысты ешбір пікір білдірілмеді.

Айта кетейік, 6 қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтеді.

Б. Обаманың штабына жасалған атыс - Ақ үйдің қазіргі басшысымен байланысты соңғы тәуліктерде болған алғашқы оқиға емес. Сенбіге қараған түні президенттің күзетшісі, АҚШ Құпия қызметінің қызметкері Аарон Фрэнсис Инглер мас күйінде Майамиде (Флорида) ұсталған болатын. Оны ұстау кезінде агент полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетпек болған.

Колумбияда өткен Америка Саммиті кезінде жезөкшелердің қызметіне жүгінген  Б. Обаманың оққағарларына байланысты дау-дамайдан кейін АҚШ-тың Құпия қызметі қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау ережесіне айтарлықтай өзерістер енгізілді. Атап айтқанда, оларға жұмыс кезінде ғана емес, сондай-ақ жұмысқа келмес бұрын 10 сағатқа дейін алкогольді ішімдіктер ішуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар