Белгісіз біреу Германияның қаржы министрлігіне жарылғыш зат салынған қапшық жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адамдар Германия қаржы министрлігінің ғимаратына жарылғыш зат салынған қапшық жіберген. Жарылыс қаупі салдарынан министрлік қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды Bild басылымы.
None
None

Күдікті қапшықты жергілікті уақытпен сағат 10:00-де ведомство басшысы Вольфганг Шойбленің атына әкелген. Қаржы министрлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар бірнеше сағатқа ғимараттан шығарылды.

Қапшықты тексеру барысында анықталғандай, оның ішінде отшашулар мен басқа да пиротехникалық құралдарда пайдаланылатын жарылғыш заттар бар болып шықты. Кейінірек мамандар жарылғыш қапшықты залалсыздандырды.

Бұрын, 11 наурыз күні Германия полициясы елдің батысында орналасқан Эссен қаласындағы сауда орталығында лаңкестік шабуылдың алдын алғанын хабарлаған еді. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, «Ислам мемлекетінің» жақтастары қоғамдық орында жарылыс жасауды жоспарлаған. Екі күдікті лаңкестік шабуыл дайындағаны үшін тұтқындалған. 

Соңғы жаңалықтар