Белгісіз біреу Иран парламенті ғимаратында оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Иран  парламенті ғимаратында оқ жаудырды. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алды.

Белгісіз біреу Иран парламенті ғимаратында оқ жаудырды

Tasnim басылымы хабарлағандай, Тегеранда депутаттар мәжілісте отырған кезде, белгісіз ер адам парламент ғимаратында оқ жаудырды. Соның салдарынан екі адам - күзет қызметкерлері жарақат алды.

Fars басылымы төрт адамның - Ислам революциясы күзетінің жауынгерлері мен парламентке өз өңірлерінің атынан депутаттармен кездесуге келген екі азаматтың жарақат алғанын хабарлайды.

Шабуыл жасаушы әзірге анықталмады. Депутат Акбар Ранджбарзаденің журналистерге мәлімдеуінше, оқ жаудырған ер адам жақын жердегі ғимараттардың біріне жасырынбақшы болған, алайда оны ұстап алған.

Өз кезегінде парламенттің тағы бір мүшесі Эльяз Хазратидің айтуынша, шабуыл жасауға қатысқандар саны үшеу және олар Калашников автоматы және пистолетпен қаруланған көрінеді.