Белгісіз біреу қонақта отырған адамдарға оқ атып, 7 адамды жаралаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында белгісіз біреу қонақта отырған адамдарға оқ атып, 7 адамды жаралады, деп хабарлады РИА Новости.

Белгісіз біреу қонақта отырған адамдарға оқ атып, 7 адамды жаралаған

Оқиға Морено Валли қаласында болған. Жексенбі күні тұрғын үйге жиналып, өз мерекесін тойлап отырған үйге белгісіз біреу кіріп келіп, оқ атқан. Қонақта 50-60 адам болған, соның 7-не оқ тиіп, жараланған.

Болған жағдайға байланысты жергілікті тәртіп сақшыларының берген хабарламасында, онда ауыр жараланған ешкім жоқ екен, оқ тиген адамдардың барлығы тірі, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.