Белгісіз біреулер 300 мың литр сыраны қолды еткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда белгісіз біреулер 300 мың литр сыраны ұрлаған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Белгісіз біреулер 300 мың литр сыраны қолды еткен

Жүк елдің батысындағы Крефельд (Солтүстік Рейн - Вестфалия федералдық жері) қаласындағы қоймада болған. Куәгерлердің айтуынша, ұрылар көлігі шамамен Крефельдке жақын орналасқан Дуйсбург қаласы бағытына қарай жол тартқан.

Полицияның хабарлауынша, қойма маңында күдік тудыратын жайттар өткен бейсенбіде байқалған. Алайда ұрланғаны туралы дүйсенбі күні ғана ресми хабарланды.