Белгісіз біреулер 9 адамнан тұратын отбасы мүшелерін атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемаланың солтүстігінде белгісіз біреулер тоғыз адамнан тұратын отбасы мүшелерін атып кетті. Осындай қатыгездіктен өмірі қиылғандардың арасында бес жасар және үш айлық сәбилер бар.
Бұл оқиға ел астанасынан 370 шақырым жердегі Петен өңірінде орын алды.
Шабуыл қандай себеппен жасалғандығы жайында мәлімет жоқ. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, осы өңірге әскери тікұшақ пен 90 сарбаз жіберілген.
Белгілі болғандай, Гватемаланың солтүстігінде мексикалық есірткі картельдері терең тамырланған.