Белгісіз біреулер футбол командасының ойыншыларын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Гуанхуато штатындағы Саламанка қаласында белгісіз біреулер Taxi Express  әуесқой футбол командасының ойыншыларына шабуыл жасаған. Үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды, деп хабарлады Televisa бейсенбі күні.
None
None

Олар футбол алаңына екі жүк машинасымен келіп, адамдарға оқ жаудырған.

Полиция оқиға болған жерден винтовканың 30-дан астам оғын тапқан. Құқық қорғау органы қызметкерлеріне қылмыскерлерді ұстаудың сәті түспеді.

Екі адамның сол жерде мерт болғаны атап өтіледі. Үшінші футболшы Саламанкадағы облыстық ауруханада көз жұмған. Сондай-ақ тағы үш адам госпитальда жатыр. Олардың жағдайы ауыр.

Команданың барлық өкілдері такси жүргізушілері болған. 

Соңғы жаңалықтар