Белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған тәттілер тастап кетеді -фейк

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазнетте белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған тәттілер шашып жүр деген фейк ақпарат тарауда. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған тәттілер тастап кетеді -фейк

StopFake.kz редакциясына Қазнетте тараған ақпаратты тексеруді сұрап, бір оқырман хабарласты. Онда белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған кәмпиттер мен печеньелер шашылады делінген. Бұл ойдан шығарылған жағдай.

00
00:00

Уланған тәттілер туралы хабарлама – 2022 жылдың қазан айының басында шыққан ресейлік фейк.

Дауыстық хабарламада қауіпті кәмпиттер Новошахтинск мектептерінің жанынан табылғандығы айтылған. Бұл – Ресейдегі қала. Хабарлама авторының айтуынша, бір кәмпитті бір ит жеп, өлгеннен кейін, олардың уланғаны анықталды.
Шындығында, мұндай жағдай болмаған. Новошахтинск әкімшілігінің хабарлауынша, таратылған хабарлама – фейк және қалада мұндай оқиғалар орын алмаған.
Хабарламаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Оған сенбеңіздер.