Белгісіз біреулер Нигерияның солтүстік-батысында 40-тан астам адамды ұрлап кетті
Шабуыл Малари елді мекенінде болды. «Адамдар қорқыныштан өз үйлерінен қашып шықты, бірақ та олар (қарулы адамдар) бәрі де өздеріне бағынуы тиіс екенін ескертті. Олар 40-тан астам адамды өздерімен бірге әкетті, негізінен 15-23 жас аралығындағылар. Қазір ауылда жастар қалмады», - деп мәлімдеді агенттікке оқиға куәгері Мохаммед Зарами.
Әзірге аймақта әрекет ететін бірде-бір топ болған оқиғаға жауапкершілікті өздеріне алған жоқ. Жергілікті тұрғындар және құқық қорғау органдарындағы дереккөздер шабуылды елдің осы өңіріне үнемі шабуылдайтын «Боко Харам» радикалық тобының содырлары жасады деген пікірде.
2014 жылы сәуірде «Боко Харам» содырлары астам мектепте оқитын 270-тен астам қызды ұрлап кеткен болатын, енді бүкіл аймақты тұрақсыздандыруға қауіп төндіріп тұр. Топ басшысы қыздарды барлық тұтқындалған содырларға ауыстыруға ұсыныс жасады, бірақ та ел үкіметі бұдан бас тартты. Қазіргі кезде 57 оқушы қыз өз отбасыларына қосылды, 219-ы әлі содырларда кепілде қалып отыр.
Нигерияда «Боко Харам» радикалды исламдық тобы белсенді әрекет етуде, оның мүшелері білім берудің батыстық моделіне қарсы және бүкіл елде шариғат заңын енгізуді көздейді. Топ елде көптеген лаңкестік актілерін ұйымдастыруда. Нигерия Президенті Гудлак Джонатан лаңкестік қаупіне және содырлардың шабуылдарына байланысты бұдан бір жыл бұрын бірқатар штаттарда төтенше жағдай енгізуді жариялады.