Белгісіз біреулер Шумахердің палатасына ұрланып кірмек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз екі ер адам «Формула-1» жарысының жеті дүркін әлем чемпионы Михаэль Шумахердің палатасына ұрланып кіріп, оны ұялы телефонға түсіріп алғысы келген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Белгісіз біреулер Шумахердің палатасына ұрланып кірмек болған

Алдын ала ақпарат бойынша, бегісіз бұл адамдар танымал автошабандоз емделіп жатқан Гренобльдегі аурухананың өзге емделушілерінің туыстары немесе таныстары болуы мүмкін. Осы тектес жайттар бұған дейін бірнеше рет болған көрінеді. Шумахер құлағаннан кейін екі сағаттан соң дін қызметшісінің киімін киген бейтаныс адам оның палатасына кірмек болған. Еске сала кетсек , Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 45 жастағы шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде ес-түссіз жатыр. Ал осы айдың басында Михаэль Шумахер есін жия бастағаны жайында ақпараттар таратыла басталды.