14:49, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Белгісіз біреулер Вашингтонның орталығында бірнеше адамды атып кетті
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың астанасында белгісіз біреулер ұйымдастырған атыстың салдарынан кем дегенде 13 адам жарақаттанды.

Мұндай мәліметтерді қалалық билік өкілдері келтіріп отыр.
Полицияның ақпаратынша, жарақаттанғандардың біреуі ауыр халде, қалғандарының өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бұл оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні АҚШ Конгресі ғимаратының маңында, Нью-Йорк және Норт-кэпитал стрит көшелерінің қиылысында орын алды. Қолда бар деректерге қарағанда, көппәтерлі үйдің кіреберісінде топтасып тұрған адамдарға жандарынан қатты жылдамдықпен өткен екі көліктен оқ атылған.