Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Бельгия Королі Филипптің Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдағанын хабарлады.
- Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.
Айта кетейік, кеше Президент Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығымен құттықтады.