Бельгия премьері отставкаға кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Бельгияның федералды парламент сайлау барысында «Open Vld» фламандық партиясының нәтижелері аса жоғары болмады. Осыған байланысты партияның лидері, қазіргі іс басындағы премьер-министр Александр Де Кроо отставкаға беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Бельгияда жексенбі күні федералдық және өңірлік деңгейдегі өкілетті органдардың, яғни Еуропарламент сайлауы өтті.
Бельгияда фламандық бөлік бойынша Барта Де Вевераның «N-VA» (Жаңа фламандық Альянс) ұлттық партиясы жеңіске жетті.
«N-VA» жарғысының баптарының бірі тәуелсіз Фландрияны құруды мақсат етеді. Көші-қонға қарсы ең шеткі оң жақтағы «Флаамс Беланг» партиясы «N-VA» партиясынан қалып қойды. Олар алдын ала жасалған болжамдағыдай емес, бүкіл Фландрия бойынша ұлтшылдарға жете алмай келеді. Премьер-министр А.Кроо-ның «Оpen VLD» либералды партиясы Бельгияның солтүстігінде ұпайдан қағылды (сайлау нәтижесі 10 пайыздан төмен).
Валлонияда жергілікті социалистердің тасы өрге домалап келеді. Ал Брюсеельде французтілді либералды «MR» партиясы жеңіске жетті.
Александр Де Кроо сайлау жеңімпаздары N-VА, «Флаамс Беланга» және Бельгиядағы французтілді «MR» партияларының жақтастарын құттықтады.
«Біз үшін бұл өте қиын кеш болды. Біз жеңіліп қалдық. Мен ертең премьер-министр қызметінен оставкаға кетемін. Алайда либералдар әлі де күшінде. Біз қайтып ораламыз»,-деді А.Кроо жүрекжарды лебзінде.