Белгия үкіметін құру туралы келіссөздер жанданды
БРЮССЕЛЬ. 22 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Шілде айының екінші жартысында Белгия Королі ІІ Альберт ұсынған бір айғы үзілістен кейін Бельгия үкіметтік коалициясын құру мәселелері туралы келіссөздер жанданды,
деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Осы жолы елдегі сегіз саяси партия, атап айтқанда PS, MR, cdH, Ecolo, Groen!, CD&V, sp.a және Open Vld партияларының басшылары арасында келіссөздер өтеді. Бұл жолғы келіссөздерге 2010 жылдың маусым айында парламенттік сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен «Жаңа фламандиялық альянс» партиясының басшысы Барт де Вейвер қатыспайды.
Барт де Вейвер өзінің саяси қарсыластарының ұсыныстарын бірнеше мәрте қолдамай, сол арқылы үкімет құру үрдісіне кедергі келтіргенін айта кету керек.