Бельгияда инфляция 3,2% өсті
АСТАНА. KAZINFORM – Бельгияда инфляция ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында болжанған межеден жоғары болып, соңғы бес айда алғаш рет 2 пайыздық өсім қарқынынан асып түсті.
Мәселен, ақпан айында инфляция 1,75%-дан 3,20%-ға дейін өсті. Бұл өсу қарқыны 0,5%-ды құраған 2023 жылдың желтоқсанынан бері 2,5 пайыздық тармақтан астам өскенін білдіреді.
Бельгиялық БАҚ елдегі орташа статистикалық отбасының тауарлар мен қызметтер «себеті» осы айда 2023 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 3,2%-ға қымбат екенін атап өтті.
Ағымдағы жылдың ақпан айында бағаның негізгі өсуі көгілдір отын бағасының өсуімен байланысты болды.
Қаңтар айымен салыстырғанда Бельгияда табиғи газ бағасы 44,6 пайызға өсті. Бұл ретте электр энергиясының бағасы 7,7%-ға қымбаттаған.
Бұдан басқа, Бельгияның статистикалық агенттігі теңіз өнімдері (31,8%), зәйтүн майы (23,7%), қой еті (23%), темекі (20%) бағасының өскені туралы мәліметтерді ұсынды. Картоп, алкогольсіз сыра, газет-журнал, сондай-ақ ветеринариялық қызмет құны да айтарлықтай өсті.