Бельгияда сотталғандар жазасын қашықтан өтей алады

Бельгия
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Түрмелерде адам толып кетуіне байланысты Бельгия билігі тұтқындарды үйлеріне босату туралы шешім қабылдады. Енді бір ай түрмеде ұстауды бір айлық үй қамақпен ауыстыруға болады, деп хабарлайды Еuronews. 

Бельгия түрменің толып кету мәселесін шешу үшін кейбір тұтқындарға бір ай темір тордың ар жағында және бір ай үй қамауында отыруға мүмкіндік береді.

Тұтқындардың саны елдегі түзеу мекемелерінің мүмкіндігінен асып түсті. Бельгияда түрмедегі 10 700 төсекке 12 300 тұтқын келеді. Қадағалаушылар кәсіподақтары тіпті ереуілге шығамыз деп айтып отыр.

Сыншылардың айтуынша, бұл жағдай онша ауыр емес қылмыстар үшін қатаң түрме жазасын тағайындайтын жаңа саясатқа байланысты болған.

Терроризм немесе сексуалдық қылмыстар үшін сотталғандар, сондай-ақ 10 жылдан астам мерзімге сотталғандар жазаны үйде өтей алмайды.

Соңғы жаңалықтар