Бельгиялық әйел марафонға жыл бойы қатысып, рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM -  55 жастағы спортшы бір жыл ішінде кемінде 15,4 мың шақырым жүгірді, деп хабарлайды Kazinform Euronews-ке сілтеме жасап. 

Бельгиялық әйел марафонға жыл бойы қатысып, рекорд орнатты
Фото: видеодан алынды/ Euronews

Бельгиялық Хильде Дозонь 2024 жылы күн сайын марафонға қатысқан әлемдегі алғашқы әйел болды. Сейсенбі күні ол Гентте мәре сызығын соңғы рет кесіп өтті. Енді желаяқ әйел Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін құжаттарын тапсыруы керек.

- Мен үшін психикалық тұрғыдан гөрі физикалық стресс ауыр болды. Әрине, физикалық тұрғыда бәрі тәртіппен болуы керек, әйтпесе күнде төрт сағат жүгіре алмайсың. Бірақ старт сызығына күн сайын шығу психикаға үлкен салмақ түсіреді, - деп бөлісті Хильде тәжірибесі туралы.

55 жастағы спортшы бір жылда 15 мың шақырымнан астам жүгіріп қана қоймай, сүт безі обырын емдеуге арналған акциялары кезінде 60 мың еуро жинаған. Ол 2023 жылы 150 күн марафонға қатысқан аустралиялық Эрчане Мюррей-Бартлетттің рекордын жаңарта алды.

Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар