Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM - Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беріп отыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы шетел басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
Осыған дейін Президенттің Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ олар Ұлттық музейге барды.