Бельгияның жаңа премьер-министрі ант берді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Брюссельде Бельгияның жаңа премьер-министрі Барт де Вевер ант қабылдады. Рәсім Еуропа астанасында өткен Еуроодақ басшыларының бейресми саммитімен тұспа-тұс келді., деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Барт де Вевер
Фото: report.az

Бельгия үкіметін алғаш рет фламанд ұлтшылы, «Жаңа фламандтық альянс» партиясының жетекшісі Барт де Вевер басқарады.

Бүгін ол жаңа премьер-министр ретінде король Филипп алдында ант берді.

Бұрын Б.Де Вевер Фландрияға автономия беруді жақтаған. Оның «Жаңа фламандтық альянс» партиясы өткен жылы парламенттік сайлауда жетістікке жетті. Бірақ Бельгияның француз тілді партиясы – Валлонияның қатысуынсыз үкіметті құра алмады. 

Жаңа министрлер кабинеті туралы келіссөздер 8 айға созылды және бес партияның: Жаңа фламандтық альянс, Фламандтық христиан-демократтар, Социал-демократтар және француз тілді қауымдастықтың партиялары – центристік «Реформаторлық қозғалыс» және Les Engagés арасындағы коалициялық келісіммен аяқталды. 

Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта Б.Де Веверді құттықтады. 

– Біз сізге жаңа үкіметті басқаруда сәттілік тілейміз және ЕО мәселелері бойынша күшті ынтымақтастықты күтеміз, - деп жазды А.Кошта

Соңғы жаңалықтар