Белгілі балуан Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болды
Бүгін Астана қаласы «Park Inn Radisson Astana» қонақ үйінің мәжіліс залында грек-рим, еркін және әйелдер күресі ұлттық федерациясының жылдық есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш жиында еркін күрестен Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Нұржан Қатаев Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды.
Нұржан Қатаев еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бүгінге дейін спорт саласында талмай еңбек етіп келеді.
Сонымен бірге, Атырау облыстық күрес федерациясын басқарған Асқар Құлов та вице-президенттікке сайланды.
Сондай-ақ, Қазақстан күрес федерациясының конференциясында 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.