Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков өмірден озды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спорт журналисі, комментатор Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

спорт
Фото: Kazinform

Рабат Жәнібеков – қазақтың тұңғыш спорт комментаторларының бірі. 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында дүниеге келген.

1968-2003 жылдар аралығында – 40 жылға жуық – қазақ телевизиясында редактор, спорт комментаторы қызметтерін атқарды. Бүкілодақтық спорттық шараларды қамтыды. Ол пікір білдірген алғашқы матч футболдан КСРО чемпионаты аясындағы «Қайрат» пен «Торпедо» (Мәскеу) арасындағы кездесу болды. 

рабат жәнібеков
Фото: Kazinform

Ұзақ уақыт Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы қызметін де атқарды. 

спорт
Фото: Kazinform
спорт
Фото: Kazinform

Kazinform редакциясы Рабат Жәнібековтің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.