Белгілі спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен өмірден озды
АСТАНА. KAZINFORM – Белгілі қазақстандық спорт журналисі, комментатор Ғалым Сүлеймен 51 жасына қараған шағында кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды INFORMSPORTS.
Ғалым Қамашұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолында «Егемен Қазақстан» газетінің спорт шолушысы және «Спорт KZ» басылымының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Спортсүйер қауым оның дауысын Нагано, Сидней, Ванкувер және Лондон Олимпиадаларындағы, сондай-ақ бокс пен күрес бәсекелеріндегі жарқын репортаждары арқылы жақсы таниды. Қазақ тіліндегі спорт мақалаларын әдеби деңгейге көтерген қаламгер С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты және Президент стипендиясының иегері атанған еді.
Журналистің әріптестері мен жақындары оның кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болғанын жеткізді.