Белградта үкіметке қарсы жаппай наразылық шаралары басылмай тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сербияда екінші ай қатарынан ел президенті мен үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциялары тоқтамай тұр. Александр Вучичтің мерзімінен бұрын сайлау өткіземіз деген уәдесі шиеленісті азайтқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Marko Drobnjakovic/The AP

Он мыңдаған манифестант Белградтың орталық көше мен алаңдарын толтырып, үкіметтің ауысуы мен үкіметшіл БАҚ-тың лицензиясын қайтарып алуды талап етіп жатыр.

Наразылық акциялары мамырда болған екі жаппай атыстан кейін өршіп кетті.

Сербия президенті мерзімінен бұрын сайлау өтетінін айтты. Бірақ, бұл наразы топтың көңілін көншітпеген тәрізді.

Еuronews агенттігінің тілшісі Майя Поповичтің айтуынша, бұл – Сербиядағы күш көрсетуге қарсы алтыншы наразылық акциясы.

«Талап бұрынғыдай - бірінші кезекте ішкі істер министрі мен Қауіпсіздік және ақпараттандыру агенттігі басшысының отставкаға кетуі. Сондай-ақ олар күш көрсетуді насихаттайтын телеарналарды жапқысы келеді. Он мыңдаған манифестант Сербия парламенті ғимаратының алдында тұр. Адамдар әлі де келіп жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар