14:51, 11 Шілде 2009 | GMT +5
Белградтағы жазғы «Бүкіләлемдік студенттік ойындарда» қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады
АЛМАТЫ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Белградта өтіп жатқан жазғы «Бүкіләлемдік студенттік ойындарда» қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Шілденің 1-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада Максим Филипов украиндық Иван Сергеевтен 6:0, 6:2 есебімен ұтылды. Ал ұлттық рейтингте 6-шы, АТР-де 649-шы сатыда орналасқан Сырым Әбдіхалықов черногориялық Марко Беговичтен 6:4, 1:6, 7:6 есебімен басым түсті. Алайда үшінші раунда ол канадалық Грай Касаутскийге 6:1, 6:2 есебімен есе жіберді. Алматылық теннисшілер жұптасып өнер көрсетуде алғашқы айналымда-ақ, сербиялық Б. Гонкич пен А. Грубинге 7:5, 7:5 есебімен ұтылды.