Белка атты ит шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Белка» атты иісшіл ит шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан мемлекетінің азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Сарыағаш полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейд жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

Осындай кезекті жұмыс күнінде ӨР-нан ҚР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, «Белка» атты ит белгі береді.

Содан тексеру кезінде күдікті азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылады.

Белгілі болғандай күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Ол қалтасындағы есірткімен Қазақстан Республикасына өтпек болған.

Аталған жайт ҚК 286-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат «кептірілген марихуана» екені анықталды.

Жалпы салмағы 1 граммнан асады.


Соңғы жаңалықтар