Белорус Еуроодақпен бірлесіп еркін сауда аймағын құруды жоспарлауда
АСТАНА. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат -Таяуда Беларус Еуроодақ еліне преференциалды сауда әріптесі мәртебесін бергеннен соң үш-төрт жылдан кейін Беларус Еуроодақпен бірлесіп еркін сауда аймағын құруға сенімді.
Бұл жайлы Беларус үкіметінің бірінші вице-премьері Владимир Семашко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ал бұдан сәл ғана бұрын Ресей Федерациясы, Беларус және Қазақстан елдері Кедендік одақ құруға уағдаласты деп жарияланған еді.