Белоруссия парламентіне 110 депутаттың 109-ы сайланды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Белоруссия Ұлттық жиналысының өкілдері Палатасына 109 депутат сайланды,

Белоруссия парламентіне 110 депутаттың 109-ы сайланды

деп хабарлады дүйсенбі күні Минск қаласында өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комитетінің төрағасы Лидия Ермошина. Бұл туралы INTERFAX.RU хабарлайды.

Белоруссияның төменгі парламентінде 110 орын бар.

«Сайлау өтті. Олардың қорытындылары бойынша өкілдер Палатасына 109 депутат сайланды, Гомель облысындағы сайлау округінде ғана бір депутат сайланған жоқ», - деп атап өтті ОСК-нің төрағасы.

Оның айтуынша, бұл округте (Новобелецк) сайлау қайтадан өтеді.

Белоруссиядағы парламент сайлауына қатысу жалпы алғанда республика бойынша 74,3 пайызды құрады.