Белоруссияда мас жүргізушіден тәркіленген көлік сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белоруссияда мас жүргізушілерден тәркіленген көліктер сатыла бастады.
Осы аптада Минскіде бәссауда арқылы бірінші рет 2002 жылы шығарылған Fiat Stilo көлігі сатылды. 2013 жылдың қарашасында сот автокөлікті 28 жастағы ер адамнан тәркілеген. Ол бір жыл ішінде мас күйінде көлік жүргізген кезінде екі рет ұсталған.
«Автокөліктің бастапқы бағасы 3 мың долларға жуық болды. Мұндай төмен баға көліктің техникалық мәселелерімен байланысты деп түсіндірілді: ол оталмайды, қорабын тот басқан. Алайда сауда барысында бағасы 63 пайызға көтерілді», деп хабарлайды Росбалт.