Белоруссияда парламент сайлауы басталды

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Белоруссияда елдің Ұлттық жиыны өкілдерінің палатасына сайлау басталды.

Белоруссияда парламент сайлауы басталды

«Интерфакс» мәліметттеріне қарағанда, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылған және олар сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

 Сайлау бір мандатты округтер бойынша өтіп жатыр. Парламент депутаты болу үшін бірінші турдың өзінде кандидат учаскелерге келгендердің 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс. 110 депуттаттық орынға 290-ға жуық үміткер қатысуда.

Белоруссияның Ұлттық жиынының кіші палатасына сайлау бұдан бұрын 2008 жылы өткен болатын. Оған сайлаушылардың 75 пайыздан астамы қатысқан еді.