Белоруссияда ресейлік азаматша велоспорттан бұрынғы әлем чемпионын қағып кетті
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат - Белоруссияда велоспорттан бұрынғы әлем чемпионы Зинаида Стагурская қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сілтеме жасап.
Витебск - Могилев - Гомель тас жолында жаттығу кезінде бұрынғы чемпионды ресейлік нөмірлі джип көлігі қағып кеткен. Содан кейін көлік жол жиегіне шығып кеткен. Көлікті Петербор қаласының әйел азаматшасы жүргізгендігі анықталды.