Белоруссияда «Витебск» эстрадалық ән байқауы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белоруссияда «Витебск-2014» эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқауының жартылай финалы басталды.
«Славян базары» 23-ші өнер фестивалінің басты оқиғасына әлемнің 21 елінен музыканттар қатысады.
Биылғы жылы байқау төрешілерін ресейлік композитор және продюсер Ким Брейтбург басқарды.
Осы жылғы қатысушылардың тізімінде Армения, Болгария,Грузия, Италия, Қазақстан, Куба, Латвия, Литва, Мексика, Өзбекстан, Украина және басқа елдердің орындаушылары бар. «Витебсктегі Славян базары» халықаралық фестивалі негізі қаланған 1992 жылдан бері өтіп келеді.