Белосохов мемориалы: астаналық «Барыс» командасы «Сібір» хоккей клубын жеңді
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Новосібірде атақты хоккей клубтарының басын қосып отырған Белосохов атындағы мемориал басталды.
Қазақстандық «Барыс» командасы овертаймда турнир иелері - новосібірлік «Сібір» хоккейшілерін 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Барыс» жанкүйерлерінің сайтына сілтеме жасап.
Шайба авторлары - Максим Спиридонов, Йозеф Штумпел және команда капитаны Кевин Даллмэн.