Белсенді алматылықтар марапатталды

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы ауданы әкімі Бекқали Торғаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ауданның белсенді тұрғындарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Салтанатты жиын Қазақконцерт залында өтті. Аудан әкімі қала активін мерекемен құттықтап, әр сала өкілдеріне алғысын білдірді.

«Бүгін біз өзіміздің тарихи миссиямызды орындап жатырмыз. Біз қазір тәуелсіз, саяси тұрғыдан тұрақты бейбіт елдің іргетасын қалап жатырмыз. Біз өз еліміздің қуаты бірлікте екені түсінуіміз керек.  Қазақстандықтардың болашағы соған тікелей байланысты. Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақыт ішінде алдына келелі міндететр қойып отыр. Бізде алға дамудың бағыты айқындалған», - деді әкім.null 

Сонымен қатар, олөз сөзінде  Қазақстан тәуелсіздігінің жария болуына Алматы қаласының қосқан үлесін айтып кетті.

«Біздің қала тәуелсіздіктің алтын бесігі.  Алматыда тарихи тұрғыдан маңызды шешімдер қабылданған.null

Мұнда ел тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң, Ата заңымыз қабылданған. Ең алғаш рет мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта енгізілді. Қазақстанның тұңғыш президенті сайланып, алғашқы ұлықтау шарасы болды», - деді  Бекқали Торғаев.

Салтанатты шарадан соң әкім ауданның дамуына үлес қосқан белгілі тұлғаларды арнайы құрмет грамоталарымен марапаттады.

 null null  null null  

Соңғы жаңалықтар