Белсенді атыраулық ереже бұзғандарды фотоға түсіріп, полицейлерге жіберіп отырады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының белсенді тұрғыны көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзу фактілерін фото және видеоға түсіріп, полицейлерге жіберіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атыраулық тұрғын Мақсот Құрманбаев соңғы екі жылдан астам уақыттан бері тәртіп сақшыларының көмекшісіне айналған. Ол осы күнге дейін 1480 фото және видео түсіріп, оларды облыстық Полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына жіберген.

«Тұрғындар жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзғаны жөнінде Полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына жиі шағымданады. Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны Мақсот Құрманбаев 2018 жылдан бері жол қозғалысы ережесін бұзу туралы 1480 әртүрлі фото және бейнежазба жіберді. Белсенді тұрғын көлікті тұраққа қою ережесін бұзғандарды да жиі түсіреді. Полиция барлық хабарламалар бойынша әкімшілік шара қолданды», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар