Белсенді циклон Қазақстанға жаңбыр, шаңды дауыл әкеледі - 17 тамызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 17 тамыз күні Қазақстанның батысында белсенді циклонның салдарынан найзағайлы өткінші жаңбырлар өтіп, жекелеген аудандарда жел күшейеді, кейбір жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Белсенді циклон Қазақстанға жаңбыр, шаңды дауыл әкеледі - 17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың солтүстік аудандарындағы ауа райы да тұрақсыз болуы ықтимал. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау облысында желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, кейбір жерлерде шаңды дауыл болады.

Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кейбір жерлерде жел екпінінің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында күн қатты ысиды. Атырау, Ақтөбе облыстарында күн қатты ыстық болады.

Республиканың батысы, оңтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.