Белсенді қызметі үшін бірқатар депутаттар ҚР Парламенті Сенатының құрмет грамоталарымен марапатталды

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Белсенді қызметі үшін өкілеттіктері аяқталған бірқатар сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Белсенді қызметі үшін бірқатар депутаттар ҚР Парламенті Сенатының құрмет грамоталарымен марапатталды

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызсметі хабарлады.

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды.

Бюрода палатаның биылғы 3 қыркүйекте болатын отырысының күн тәртібіне ұсыныстар қаралды. Депутаттар Сенат Төрағасының орынбасарын, тұрақты комитеттердің құрамына Сенат депутаттарын сайлау және Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасын сайлау мәселелерін талқылайтын болады.

Ұлттық заң шығару жүйесін қалыптастыру және жетілдіруге, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бюро Оралбай Әбдікәрімовті, Әділ Ахметовті, Ғарифолла Есімді, Болат Жылқышиевті, Ғани Қасымовты, Қайрат Нұрпейісовті, Александр Судьинді, Юрий Цхайды Парламент Сенатының Құрмет грамоталарымен марапаттады.