Белсенділер Зика дертіне шалдыққандарды жасанды түсік жасатуын заңдастыруды талап етуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда заңгерлер, белсенділер және ғалымдар тобы елдің Жоғарғы сотына Зика вирусына шалдыққан әйелдерге жасанды түсік жасатуға рұқсат беру талабымен шығып отыр.
Мамандар Зика вирусына шалдыққан жүкті әйелдердің кейбір жағдайларда микроцефалияға - ұрықтың ми ақауына әкеп соқтыруы мүмкін деп қауіптенуде.
Бразилия заңы жасанды түсік жасатуға тыйым салады. Жасанды түсік жасату егер жүктілік зорлаудан немесе ананың денсаулығына төтенше қауіп төндіруі жағдайында ғана, ал 2012 жылдан бері - мидың басқа дерті - анэнцефалияға шалдыққанда ғана рұқсат беріледі.
Биылғы жылы Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада үштен төрт миллионға дейін адам Зика вирусын жұқтыруы мүмкін, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ).
Осы арада, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Олимпиада басшылығының биылғы жылы Ойындардың Рио-де-Жанейрода қауіпсіз өткізілуі үшін барлық шаралар қолданып отырғанын хабарлады.
Жұма күні ХОК Ойындардың спортшылары мен келушілері үшін кеңестер шығаратыны күтіліп отыр.
Жасанды түсік жасату рұқсаты туралы петицияны Жоғарғы сотқа екі айдың ішінде жеткізуді жоспарлап отыр. Би-би-си-дің хабарлауынша, авторлар Зика вирусының таралуы үшін жауапкершілікті оны тасымалдайтын масалардың көзін жоя алмаған Бразилия билігіне жүктемек.