Активистер Лондонда III Чарльз патшаның ресми портретін бүлдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Лондондағы Филипп Молд галереясында белсенділер III Чарльздің тәж кигеннен кейінгі алғашқы ресми портретін бүлдірді.

нуарлар құқығын қорғайтын Animal Rising ұйымының белсенділері картинаның үстіне «Уоллес пен Громит» мультфильміндегі кейіпкердің постерін жапсырды.
Постерде кейіпкер Уоллес және «Ірімшік жоқ, Громит. RSPCA фермаларындағы қатыгездікке қара!» жазуы бар күлкілі комикс бейнеленген.
Олар арнайы шынымен қорғалған картинаға зақым келтірместен оңай өшірілетіндей су қосып жапсырылған.
RSPCA — жануарларға қатыгездіктің алдын алу жөніндегі корольдік қоғам.
Animal Rising RSPCA сертификаты бар 45 фермаға назар аудартуға тырысты.
Ұйымның сендіруінше, онда 280 заңбұзушылық жасалған және Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы минстрлігінің 94 ережесі бұзылған.
Топ III Чарльз корольді ұйымға қолдау көрсетуін доғаруға шақырды.
Өз кезегінде RSPCA бұл вандализм актісіне таңғалғанын жасырмай, жануарлар жағдайына шұғыл тергеу бастағанын айтты.
Галерея иесі Филипп Молд өнер туындысына ешқандай зақым келмегенін растады.
Постерлердің көзі жойылды.
Молд белсенділерден галереядан кетуді сұрады.
Айтуынша, полицияға арыз берілген. Қауіпсіздік шаралары да тексеріліп жатыр.