Бен Кингсли Тәж-Маһал құрылысшысының рөлін ойнайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
«Таңғажайып Үндістанға деген құштарлығыммен және әлем кереметтерінің бірі - Тәж-Маһалға деген махаббатыммен өзіме-өзім мынадай сұрақтарды бірнеше рет қойдым: мәрмәрға айналып қатып қалған қасірет айқайы қалай пайда болды? Түсіретін фильмімізде дәл осыған жауап қайтаруға тырысамыз», - деді Кингслидің өзі.
Үндістан тақырыбы актерге етене жақын - 1982 жылы ол Ричард Аттенбороның «Ганди» картинасында басты рөлді сомдады. Фильм Кингслиге «Оскар» сыйлығын әкелді.
«Тәж» фильмінің негізіне Дэвид Эштонның (David Ashton) сценарийі алынған, жобаның бюджеті 30 миллион доллар деп бағалануда.
Тәж-Маһал кесенесі Жаһаншахтың әмірімен - толғақтан қайтыс болған сүйіктісі Мұмтаз Маһалдың құрметіне - Аграда салынған. Қайтыс болғаннан кейін әміршінің өзі де Тәж-Маһал зиратына жерленген. Тәж-Маһал 1983 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады.